Сіз білмейтін қызықтар
1407022 Шашқа пайдалы халықтық медицинамен таныс болыңыз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Полезное

Шаштың түсуін халықтық медицина бойынша мына тәсілдермен емдеуге болады деп жазады "Замана" басылымы.

Шашыңыз түспеуі үшін не істеу керек?

Шаштың түсуі. Көрнекі фото: beauty-shop.ru

1. Дәріханадан кастор майын сатып алып, су буына қойып жылытып алыңыз. Бұдан кейін ескі тіс щеткасын қолдану арқылы шашыңыздың түбіне біркелкі етіп жағып шығыңыз.

Содан кейін басыңызға целлофан киіп, сыртынан қалың сүлгі орап, 5 сағаттай жүріңіз. Содан соң шөптердің сығындысынан дайындалған отандық сусабынмен тазалап жуыңыз. Осы емді жұмасына бір рет қайталап отырсаңыз, шашыңыздың түсуі азайып, шашыңыздың түбі қатаяды.

2. Пиязды еттартқыштан өткізіп, 40 грамм пиязға 10 грамм конь­як қосып, оған 1 шай қасық бал қосыңыз. Мұны жақсылап араластырып, шашыңызға жағып шығыңыз. Екі сағаттан соң шашыңызды кәдімгі сусабынмен жуып тастаңыз. Бұл емді күнделікті 1 ай бойы қайталау қажет.

3. Қалақайдың (крапива) гүлдемеген жас өскінін қайнатып, оны 40 градусқа дейін салқындатыңыз. Шашыңызды жуған сайын осындай қайнатпамен шайып отырсаңыз, шашыңыздың түбі қатайып, түсуі тоқтайды.­

4. Қайыңның 20-30 жапырақтарын, алоэнің 2-3 жапырағын, 2-3 тіс сарымсақты еттартқыштан өткізіңіз. Бұған 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық жұмыртқаның сары уызын қосып, жақсылап араластырыңыз. Осылай дайындалған қоспаны басыңызға жағып, 2-3 сағаттан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Осы емді екі жұмада бір рет қайталап отырыңыз. Бұл шашыңыздың қайраттанып, жылтырап өсуіне септігін тигізеді.

5. 1 жұмыртқаға 2 ас қасық кастор майын, 1 шай қасық сірке суын, 1 шай қасық глицерин қосып, жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны шашыңыздың түбіне мұқият жағып, басыңызға қалың сүлгі орап 1-2 сағат жүріңіз. Бұдан кейін шашыңызды кәдімгі сусабынмен тазалап жуасыз.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік дін қызметкері халықты елбасы мен оның отбасына дұға етуге шақырды

Есеп комитетінің басшысын Ұлттық пантеонда жерлеуі мүмкін

Елімізде хиджабқа оранып алса да шылым шегуден ұялмайтын қыздар көбейген

ЛГБТ өкілі еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді (видео)

Димаш Құдайбергенов қытайлық журналистерге "Дударай" әнін айтып берді (видео)

Источник: zamana.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .