Сіз білмейтін қызықтар
1408662 Соданың адамға тигізер пайдасы қандай? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Полезное

Кәдімгі ас содасының денсаулыққа пайдасы бар екен. Бұл жөнінде білетіндер айтады. Олар бірнеше тәсілдер жөнінде айтып отыр, бірақ оларды қолдану үшін өз шамаңызды біліңіз, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз деп ескертуде деп жазады "Замана" басылымы.

Ас содасын ішкен адамның ағзасында қандай өзгерістер болады?

Ас содасы. Көрнекі фото: Замана

Ал емделу тәсілдері мынадай:

Соданың белгілі бір мөлшерін таңертең, ашқарынға ішіп тұру керек. Сосын оны күні бойы, тамақтан жарты сағат бұрын және тамақ ішіп болған соң бір сағаттан кейін ішу қажет. Яғни онда ол кезде ас болмауы, ас қорыту процесі жүріп жатпауы тиіс. Ал соданы алғашқыда пышақ ұшымен аз ғана ішіп алу керек, қажет болса, мөлшерін біртіндеп көбейтеді.

Соданы аптасына немесе айына бір мәрте деген курспен де қабылдауға болады. Тек ағзаны тыңдай біліңіз, ол қабылдамаса, сода ішуге зорламаңыз. Бұл – соданы қабылдау ережелері.

Ал оны қабылдау тәсілдері мынадай:

- Кей аурулардың алдын алу үшін таңертең ашқарынға шай қасықтың үштен біріндей мөлшердегі соданы алдымен жылы суға, сосын үстінен мұздай су араластырып (температурасы 40 градустай болғанда) ішу керек. Асқазан үшін ішілетін болса, бөліп-бөліп ішіледі, ал ағзаның басқа мүшесі үшін болса, сіміріп ішуге болады. Курсы – бір-екі апта, күніне үш мәртеден. Кейде бір айға дейін ішуге болады.

- Таңертең ашқарынға 700-900 миллилитр сода ерітіндісін ішіңіз. Ол үшін қайнаған суға 1 шай қасық сода салады да, араластыра отырып қажетті температурада жылытады. Ашқарын­ға ішеді. Ол бауырды тазартады, иммунитетті арттырады, паразиттерді жояды. Бір апта бойы, сосын айына бір мәрте ішіп тұру керек.

- Аптасына екі мәрте мынадай ерітіндіні ішуге болады. Жарты литр ыстық суға жарты шай қасық сода салып аралас­тырып, салқындатып, ашқарынға ішуге болады. Сода мөлшерін біртіндеп көбейтуге де болады. Жалпы, мөлшері адамның қай ауруды емдеуіне, жай-күйіне сәйкес таңдалады.

Сода қатерлі ісіктің алдын алу үшін де қолданылады, ол өкпе аурулары кезінде жөтелді жеңілдетеді. Сондай-ақ асқазан-ішек ауруларына қарсы пайдасы бар. Ағзаны сілтілендіруде пайдасы мол, өтте, несеп қабында, бүйректе тас болса, оны ерітеді. Ол буындағы, омыртқадағы іркілген зиянды заттарды жоя алады, қанды сілтілендіреді. Оны жәндік шаққан жерге де жағуға болады.

Суықтағанда, ангинада ингаляция түрінде пайдалануға да болады. Көз қабынғанда әлсіз ерітіндісін пайдалануға мүмкіндік бар. Онымен тісті тазартып, табиғи қалпына келтіруге де мүмкіндік бар. Аяқ-қолдағы саңырауқұлақтарлы жоюға (ванна арқылы), алақандағы, табандағы күсті жібітуге қолданылады.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы

Көліктің жанында жалаңаштанған бойжеткен бар шындықты жайып салды 

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Астана халқы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасып жатыр

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Источник: zamana.kz
В статье: Лечение

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 9

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .