Сіз білмейтін қызықтар
1410782 Ол өзінің теңдессіз кітабында тілді тез меңгеруге қатысты құпияларымен бөліскен ➨ Читайте больше на NUR.KZ Полезное

16 тілді еркін меңгерген адамның тіл үйренушілерге айтқан он кеңесі

Като Ломб өзінің xимия саласындағы біліміне қарамастан, әлемдегі синxронды аудармашылардың бірі болып, сегіз тілді судырата аударып, жалпы есеппен 16 тілді түсініп, олармен еркін жұмыс істей алған деп хабарлайды Baq.kz.

16 тілді еркін меңгерген адамның тіл үйренушілерге айтқан он кеңесі

Тіл үйрену. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Оның заманында не аудиодисктер, не скайп, не арнайы мектептер болмаған.

"Қалай?" деген сұрақ бұл жағдайда еріксіз туады. Ол өзінің "Мен тілдерді қалай үйренемін" атты бестселлер болған кітабында тілді тез меңгеруге қатысты он кеңес қалыптастырған болатын.

1. Тіл үйренуді күнделікті жүзеге асыру керек.  Бұл спортзалда шыныққамен бірдей: керемет мықты бұлшық етті қаласаңыз, оларды систематикалық түрде жаттықтыру керек.

Сол сияқты жаңа сөздер мен сөз орамдарын жаттап, қайталауға күніңіздің 10-15 минутын арнаңыз.

2. Тілді үйренуге деген қызығушылығыңыз тым тез жоғалып кететін болса, өзіңіздің жеке оқу алгоритміңізді ойлап табыңыз.

Мысалы: Біраз уақыт тілді меңгеру сабақтары, сосын, аздап музыка тыңдау, сергіп қайтуға сәл ғана үзіліс жасау.

3. Контекст - біздің барымыз. Ешқашан сөздерді жекелей жаттамаңыз, контекстте яғни мағыналас сөзбен жаттаңыз. Мысалы, "strong wind" сөз орамын жаттасаңыз, бір сөз автоматты түрде екінші сөзді жадыңызға түсіреді.

4. Әсіресе дәптеріңіздің шетіне дайын сөз тіркестерін жазып, оларды диалогтарда максималды түрде қолдануға тырысыңыз.

5. Ойша көзіңізге көрінген барлық нәрселерді аударып жүріңіз - жарнамалар, өлеңнен үзінділер, диалогтар, баннерлер, газеттегі мақалалар. Өте керемет әрі тиімді әдістердің бірі.

6. Сөздерді жатқа айту, жаттау - өте пайдалы әдіс. Бірақ, жүз пайыз дұрыс екендігіне көзіңіз жеткен және мұғалімнің жөндеп берген нәрселерін ғана жаттаңыз!

7. Дайын болған және қолданысқа жарамды сөз тіркестерін, идиомаларды көбіне бірінші жақта жазып, жаттауға тырысыңыз.

Мысалы: I am only pulling your leg (Мен тек қана сені еркелетемін).

8. Кез келген шет тілін селсоқ үйренуге болмайды, мысалы; - мен тек қана тып-тыныш мұғалімді тыңдап, кейде жаттығулар орындаймын деген сияқты.

Фильмдер көріңіз, әдебиет оқыңыз, газеттер мен журналдардың сол тілдегі түпнұсқаларын оқыңыз, шет елдегі достарыңызбен ағылшынша тілдесіңіз!

9. Көптеген қателерден емес, уақытында жөнделмеген қателерден қорқыңыз! Ешқашан ештеңені тексеріссіз қалдырмаңыз.

10. Ештеңеге қарамастан, сіз тілді меңгеретініңізге әрдайым сенімді болыңыз!

Әлеуметтік желіден алынды.

Тағы оқыңыздар:

ШҚО-да дәрігер доп ойнап жүріп жұмысқа келмеген әріптесімен төбелесіп қалды (фото)

Шымкенттік әнші Маржан Тұрлыбаеваны бауырына басып, кейін үйінен қуып жіберген 

Заттыбектің әр тойдан қанша алатынын естіген тұрғын шалқасынан түсті (фото)

Павлодарлық азамат әйелімен бірге жылу қазандығында тұрып жатыр (фото)

Путинге тіл тигізген ақтөбелік блогер 3 жылға сотталып кетті

Джеки Чанның жан досы болған қазақ туралы не білеміз?

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .