Сіз білмейтін қызықтар
1413198 Бұл түсінік қайдан пайда болды? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Полезное

Сыйлыққа сағат бермеудің сыры неде?

Адамдар арасында «ғашықтар бір-біріне сағат сыйламауы керек» деген түсінік бар. Бірақ оның сырын ешкім зерттеп көрген жоқ. Бұл түсінік қайдан пайда болды? Жалпы сағатты сыйлыққа бермеу туралы екі түсінік бар деп жазады Massaget.kz.

Сыйлыққа сағат бермеудің сыры неде?

Сағат. Фото: Massaget.kz.

Алғашқысы, батыс дәстүріне сай сағат тілі өткір зат қатарына жатады. Яғни сағаттың тілі пышақтың рөлін меңзейтіндіктен, оны адамға сыйлау жамандық шақырғанмен бірдей. Одан келіп шығатын түсініктер «бақытты екіге бөлу» немесе «достық қарым-қатынасты тоқтату».

Екінші түсінік бізге Қытай арқылы жеткен. Себебі қытайлардың түсінігінде сағатты сыйға тарту өлімге шақырғанмен бірдей. Яғни қайтыс болған адамның жаназасына келу деген сөз. Бұдан бөлек сағат екі адамның арасындағы қарым-қатынастың тоқтайтын уақытын көрсететін бірлік те болады.

Сыйлыққа сағат бермеудің сыры неде?

Жапондардың түсінігінде жақын адамға сағат сыйлау оған тікелей өлім тілеумен бірдей екен.

Сүйіктіңізге сағат сыйлауға бола ма? Қалыптасқан түсінік шын әлде жалған болсын, ең дұрысы сүйікті адамыңызға сағат сыйлаудың қажеті шамалы. Себебі сағат сыйлау туралы түсінік адам санасында қалыптасып кеткеннен кейін, біле тұрып осы сыйлықты беру қоштасқыңыз келетінін білдіреді. Сағаттан да өзге сыйлық түрлері көп.

Егер сағат алуға аса құмартып тұрсаңыз, сүйіктіңізге ақшасын беріңіз, өзі барып сатып алғаны абзал. Бұл ең тиімді және дұрыс шешім.

Сыйлыққа сағат бермеудің сыры неде?

Сыйлыққа сағат алсаңыз не істеу керек? Біз жоғарыда сағатты не себепті сыйға беруге болмайтынын айттық. Дегенмен сіз сыйлыққа сағатты алып қойған болсаңыз не істейсіз? Шу шығарудың қажеті жоқ. Қанша дегенмен жақын адамыңыз сіз үшін шын көңілмен сыйлап тұрғаннан кейін, сіз оған мән бермеуге тырысыңыз.

Сыйлыққа сағат бермеудің сыры неде?

Яғни сағат туралы жаман түсінікті ойыңыздан шығарып тастаңыз, күлімдеп қана сыйлықты қабыл алғаныңыз дұрыс. Бәлкім сыйлаған адам сағат жайындағы түсінікті мүлде білмеуі де мүмкін.

Екінші жағдайда, сатып алыңыз. Бұл деген сағаттың толық ақысын төлеу дегенге келмейді. Он теңгесін ғана беріп, сыйлықты сатып алған сипат жасаңыз. Бұл сіздің санаңыздағы сенімді арылтуға көмектеседі. Өйткені уақыт өте келе сыйлықа қараған сайын, іштей сағатты сатып алдым деп ойлайсыз.

Тағы оқыңыздар:

ІІМ 11 млн теңге көлеміндегі айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді

Төреғали клипінде өзі сынап тастаған Ninety One тобының киімін киіп алды

Павлодарда 9 сынып оқушысы мектепке түскен ұрыны ұстап алды (фото)

Байқоңырдағы оқушылар "Менің астанам - Мәскеу" деп оқып келген

Еліміздің бай-бағландары "бақытты" иттерін қалай күтеді? (фото)

Жақып Асанов: Жастар "аға-көкесіз" жұмысқа тұратын болды

Источник: massaget.kz
В статье: Часы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 14

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .