Сіз білмейтін қызықтар
1433139 Дүкен қожайыны өлген қызынан айнымайтын мүсінді сөресіне қойып қойған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Мексиканың Чиуауа қаласындағы дүкендердің бірінде той көйлегін киген ұзын бойлы әдемі мүсін тұр. Сатып алушылар оны өлі адамның қатырып қойған денесіне ұқсатады. Тіпті ол туралы ел арасында таралып кеткен көптеген аңыздар да бар деп хабарлайды NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап.

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Қалыңдықтың мүсіні. Фото: ofigenno.com

Бұл дүкеннің қожайыны қызынан айырылған. Қызы қайтыс болғаннан кейін тоғыз күн өткенде дүкен сөресінде одан айнымайтын мүсін пайда болады.

 

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Мүсінге той көйлектерінің бірі киілген. 1930 жылы болған бұл оқиға әлі күнге дейін құпия күйінде қалуда. Адамнан айынмайтын мүсін дүкенді танымал еткені соншалық, саяхатшылар таралған әңгіменің шынайылығына көз жеткізу үшін бұл дүкенге арнайы келеді.

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Себебі, жергілікті тұрғындардың айтуынша, дүкен қожайыны Паскуаль Эспарц қызын улы өрмекші шағып өлтіргеннен кейін оны жерлеудің орнына мәйітін мүсінге айналдырған. Паскуалита есімді марқұм бойжеткенге таңқаларлық ұқсастықпен жасалған мүсін расымен кез келген адамға күмән ұялатады.

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Ал ғалымдар болса, мүсін Паскуалитаның мәйіті екеніне сеніңкіремей отыр. Себебі, мәйіттің бұзылмай сақталуына дүкенде еш жағдай жасалмаған дейді олар.

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Дегенмен бұл мүсіннің саусақтарына ғана қарасаңыз, денеңіз түршігеді.

Той көйлегі дүкеніндегі "өлі қалыңдықтың" мүсіні келушілердің зәресін ұшыруда (фото)

Ал келушілер мүсінді тек әйнек сыртынан тамашалай алады. Оны ұстап көрген ешкім жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Қарақат Әбілдина бесінші баласын қашан босанатынын айтты

ОҚО билігі мереке қарсаңында 12 батыр ананың өтінішіне құлақ аспады (фото)

Президент атануға үміткер әйел жалаңаш төсімен дауыс жинамақ болды (фото)

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды?

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .