Сіз білмейтін қызықтар
1440011 Анасы баласына 44 жасында жүкті болған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

44 жастағы Шелли мен оның жұбайы Робтың бар тілегі құрсақтағы балаларын аман-есен дүниеге алып келу еді. Дәрігерлер өз тарапынан анасының жасы баласына әсер етуі мүмкін деп ескерту жасаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы vmirechudes.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорқыныштысы сол, жүктіліктің бірінші триместрінен кейін тексеру жасаған дәрігерлер баланың денсаулығында кінәрат барын айтып дабыл қағады. Баланың дүниеге аман-сау келуінің өзі екіталай екендігін айтқан олар, ата-аналарын мықты болуға шақырады.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Құрсақтағы нәресте. Фото vmirechudes.com

Балаларының амандығын ғана ойлаған Шелли мен Робтың жүктілік кезеңінде көрмегендері жоқ. Дәрігерлер баланың дүниеге сау келуіне күмәнмен қарай бастайды. Олар бала тірі туылса, соның өзіне шүкіршілік ету керектігін алға тартқан.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Жүктіліктің үшінші айында дәрігерлер баланың арқа омыртқасының қысылғанын, сонымен қатар генетикалық ауытқулар барын анықтаған. Бұған қоса медицина қызметкерлері баланың бойында гидроцефалия ауруы дамып келе жатқандығын айтады.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Бала миының суреттері көрсеткендей омыртқа-ми сұйықтығының аса көп мөлшерде болуы себепті бас мидың ұлпалары дұрыс түзілмеген. Ақ халаттылар баланың мисыз дүниеге келетінін бірден айтады.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Баланың ата-анасы болса, ұлы Нойға бар көңілдерін салып, оның сауығып кететіндігіне барынша сенген.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Бас миынан табылған кінәраттарға қарамастан, бала ел қатарлы дамып, сауыға бастайды.

Дәрігерлер мисыз өмірге келген бұл баланы тексергеннен кейін аң-таң болды (Фото)

Дүниеде небір ғажайыптар орын алып жатады. Шелли мен Робтың ұлдарының миын қайта түсіргендегі нәтижелер адам сенгісіз. Ол суреттер бала миының толыққанды түзіліп келе жатқандығын көрсеткен. Қазір төрт жасар Ной арбаға танылып отырса да ақыл-есі өзге балалардан артық түспесе кем емес. Ал Шелли мен Роб ұлының әлі-ақ аяғынан тік тұрып кететініне күмәнданбайды.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында танымал спортшыны көшеде пышақтап кетті (фото)

Қуат "Найман": Шындықты айтатын адамдардың депутат болуы екіталай

Қазақстан тумасы Yahoo компаниясына хакерлік шабуыл жасады деп айыпталуда (фото)

Емхана қызметкерін кепілде ұстап, қаза тапқан ақтөбелік жігіттің артында екі баласы қалды

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 21

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .