Сіз білмейтін қызықтар
1447725 Танымал әншілер несиені не үшін алғанын айтып берді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Несиеге белшесінен батқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Бүгінде несие алып, бар тапқан-таянғанын оны төлеуге жұмсайтындар аз емес. Халықтың көбі несиені той жасау, үй алу, көлік, құрылыс жұмыстары секілді дүниелер үшін алып, қарызға белшесінен батып жатады. Машақаты да, пайызы да көп несие бүгінде екінің бірінің басында бар. Ал отандық жұлдыздар несиенің көмегіне жүгіне ме?

 Muzzone арнасы несиесі бар жұлдыздарды назарға ұсынады.

Өмірқұл Айниязов

Несиеге белшесінен батқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Фото: "Астана ақшамы"

Әншінің айтуынша, несиені орнымен, ақылмен алғанда тұрған ешнәрсе жоқ.

"Несие алуға қарсылығым жоқ. Басымда несием бар", -  деген әнші өзінің несиенің көмегіне жүгінгенін жасырмады.

Ол Алматыдағы екі бөлмелі пәтерді жартылай несиеге алған. Оның жартысын төлегенімен, бүгінде төленбеген бөлігі де бар екенін тілге тиек етті ол.

Арман Қоңырбаев

Несиеге белшесінен батқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Фото: comode.kz

Әнші Арман Қоңырбаев та несие алып көргендердің қатарында болып шықты. Нақты қанша сома алғанын айтпаған әнші, негізінде, несиені алуға қарсы екен.

"Ол мұсылмандыққа жат. Пайыз деген нәрсеге шариғат бойынша тыйым салынады", - деді ол.

Аша Матай

Несиеге белшесінен батқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Фото әлеуметтік желіден алынды

Арман Қоңырбаевтың жары Аша Матай болса өмірінде несие алып көрмеген "бақытты" жандар қатарында екенін тілге тиек етті.

Индира Елемес

Несиеге белшесінен батқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Индира Елемес алғашқы несиесін студент кезінде алған. Өзі қатарлас жастар секілді ол IPhone 5 ұялы телефонын несиеге алған. Алайда қызының әрекетін біліп қойған анасы, оған ренжіп, әнші несиесін жауып тастағанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Танымал блогер Тоқтар Серіковті "арзан популист" деп атады

Димаш Құдайберген "Азияның ең танымал әншісі" номинациясына ұсынылды

Моңғолияда 1000 бүлдіршін бір уақытта домбыра шертіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .