Сіз білмейтін қызықтар
1447950 Актер желі қолданушысын сотпен қорқытты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай өзін желіде балағаттап, бейәдеп сөз жазған ауыл мұғалімінің ел алдында масқарасын шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Актер өзінің Instagram парақшасына Ninety One тобын қолдайтынын, олар туралы жақсы пікірде екенін жазған болатын.

Мұны оқыған желі қолданушыларының бірі түрлі бейәдеп сөздер жазып, оның намысына тиген. Қатты ашуланған Нұртас Адамбай желі қолданушысының кім екенін анықтап, оны ел алдында масқара етті.

Нұртас Адамбай өзін балағаттап тастаған ауыл мұғалімін елге масқара етті (фото)

Скрнишот желідегі парақшадан алынды

"Сарыағаш медициналық колледжінде осындай ұстаздар қызмет етеді. Аталған колледждің басшылығы мен Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы осы мәселемен айналысса жақсы болар еді. Олар ұстаздар құрамын қалай іріктейді екен? Мұндай адамдар балаларға не үйретеді?", - деп күйінді актер.

Нұртас Адамбай өзін балағаттап тастаған ауыл мұғалімін елге масқара етті (фото)

Скриншот желідегі парақшадан алынды

Бұл жазбадан соң колледж мұғалімі Нұртас Адамбайдан кешірім сұраған. Актер мұғалімді заң бойынша жазалауға да болатынын айтып, ескертті.

 

Источник: Nur.kz
В статье: Нуртас Адамбай

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 81

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .