Сіз білмейтін қызықтар
1451632 Әселхан Қалыбекова қазіргі айтыс өнерінің "шындығын" айтып берді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Танымал айтыскер ақын, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова қазіргі айтыс өнерінің жай-күйіне тоқталып, ондағы көкейтесті сұрақтарға жауап берді.Ақынның отандық БАҚ-қа берген сұхбаты oinet.kz сайтында жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айтыскер ақын: Соңғы уақытта Жүрсіннің бар ойы ақшаға ауып кетті

Фото: oinet.kz

Бұл сұхбатында танымал ақын көптеген ел алдында жүрген өнер қайраткерлеріне қатысты ойын ашып айтты.

NUR.KZ порталы сұхбаттың қысқартылған нұсқасын ұсынады.

- Әселхан апа, амансыз ба? Көптен бері көрінбей кеттіңіз. 2012 жылы сәуірде Есенқұл Жақыпбековпен айтысқаннан кейін өзіңізді сахнадан көрмедік. Немен айналысып жүрсіз?

- Айтыс өнерінде өшпес із қалдырған Жандарбек Бегімбетов, Оразәлі Досбосынов, Есенқұл Жақыпбеков, басқа да өмірден озған ақындарға күнде құран бағыштап отырамын. Тірі болған соң тіршілігімізді істейміз ғой, құран бағыштау – парызымыз. Өмірден өткен сол ақындардың шырақшысы құсап қалқайып отырмын.

Оразәлі жастай қыршын кетті. Не қызық көрді дейсің бұл өмірден. Жарқырай көрініп келе жатқан бала еді. Оразәлі өлгенде топырақ салуға бардым. Қолымыздан басқа не келуші еді?

Алпысын тойлай алмай, Есенқұл да өтті. Есенқұлдың қадірін білмедік. Осыны Жамбыл ауданы әкімінің бетіне айттым. Ең болмаса, екінің бірі алып жатқан «Ауданның құрметті азаматы» деген атақты да бермеді. Есенқұл екінің бірі емес еді ғой. Өлерінен бір ай бұрын әкімқаралар «Құрметті азамат атандырамыз» деп сәлем жолдапты. Осы бір болмашы құрметті Есенқұл қатты тосқан ғой. Жиналыста «Құрметті азамат» атанғандардың қатарында аты-жөні аталмай қалғанда Есенқұлдың қандай күйге түскенін түсініп отырған шығарсыз? Өлгеннен кейін екі том кітабын шығарыпты. Өздері үшін...

Айтыстағы ең оңтайлы қарсыласым Есенқұл еді. Біз бір-біріміздің көңілімізді қалдырмай, өкпелетпей, бетімізден алмай, бірімізді-біріміз демеп айтысатынбыз. Палуандар «оң жамбасыма келетіні осы» деп жатады ғой, Есенқұл маған сондай оңтайлы қарсылас болды.

Әсия екеумізге кездескен сайын Есенқұл: «Қыздар-ау, менің атағым қайда? Айтысқа бәріміз қатар шыққан жоқпыз ба?» дейтін. Мұңды да түсінетін адамға айтады. Біздің қолымызда не билік бар дейсің, «Есенқұл-ау, ел-жұртың бар емес пе?» деп құтылатынбыз.

Есенқұл да мен сияқты «Халық ақыны» атануы керек еді. Алматы облысында ақынын бағалайтын бір азаматтың табылмағанына қынжыламын. Асқар Мырзахметов, Дархан Мыңбай, Әли Бектаев сияқты ақынын құрметтей білетін азаматтар Алматы облысының басшылығында жүрсе, Есенқұл қор болмайтын еді. Осы жайт менің жүрегіме салмақ салады.

- Жүрсін Ерман ағамыз басқаратын «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің халықаралық одағы» деген бар. Осы одақпен байланысыңыз бар ма?

- Ешқандай байланысым жоқ. Жүрсіннің өзі «Одақтың облыстағы мүшесі бол, айлық төлеймін» деп қолқа салған. Өзін де, айлығын да көргенім жоқ. Титтейімізден бірге өскен Жүрсін қымбат адамымыз еді, соңғы уақытта бар ойы ақшаға ауып кетті. Айтысты саудаға салып жіберді.

Жалпы мен біреудің айтқанына сене қоймайтын адаммын. Көзіммен көріп, қолыммен ұстауым керек. 2012 жылы ретро-айтыс өтіп, Есенқұлмен айтысатын болдым. Айтыс өтерден бірер күн бұрын Жүрсін телефон шалып: «Әй, Әселхан, сендер бұрынғыдай айтысып жүрмеңдер! Есенқұл екеуің келісіп алыңдар. Келісіп алсаңдар, айтыстарың шымыр шығады» дейді. «Әй, Жүрсін! Келісіп алып шыққан айтыс бола ма?! Не айтып тұрсың! Есенқұл екеуміздің айтысымыз қашан жаман шығып еді?!» дедім. «Дұрыс шықсын дегенім ғой» деп міңгірледі де, телефон тұтқасын қоя салды.

«Қайталау – білім анасы» деген сөз бар. Бірақ, қайталау ешқашан өнер анасы бола алмайды! Өнерде қайталаудан асқан масқара жоқ. Бұл күнде ақындар бір жерде айтқан жаттанды өлеңін екінші жерде айтып жүре беретін болды. Енді біреулері келісіп алады. Балғынбек айтпақшы, ақындар бұрын не айтады деп уайымдаушы еді, енді нені айтпай қалады деп уайымдайтын болған.

Қысқасы, бұлар «айтысты шоу жасаймыз» деді де, айтысқа сатқындық жасады.

Сұхбаттасқан Ерік Рахым,

«Рейтинг» газеті №12, 30 наурыз 2017 жыл

Источник: Nur.kz
В статье: Акын

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 57

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .