Сіз білмейтін қызықтар
1452556 Тыңдарман: Сен де Димаш секілді елді шетелге танытып едің ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Қарызға батып, сахнаға шықпай қалған қазақ әншісіне тыңдарманы жүрекжарды лебізін жолдады (фото)

Superstar.kz байқауы арқылы елге танылып, айрықша даусымен елді сүйсінткен Қайрат Түнтековті жұрт бүгінде сахнадан да, көгілдір экраннан да көрмейтін болған. Жол апатына себепкер болып, басы дауға қалған әнші бүгінде қайда жүр? Ол сахнаға қайтып орала ма? Осы сұрақтардың жауабын білгісі келген оның тыңдармандарының бірі әншіге жүрекжарды лебізін арнады.

Қарызға батып, сахнаға шықпай қалған қазақ әншісіне тыңдарманы жүрекжарды лебізін жолдады (фото)

Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды

Қайрат Түнтеков бүгінде Instagram желісінде парақша ашып, оны белсенді түрде жүргізе бастаған. Бірнеше жыл бойы ел алдына шықпаған әнші былтыр күзде өткен Gakku дауысы фестиваліне қатысып, елмен көрісті. Оның даусын да, өзінде сағынып қалған жұрт әншіге жылы лебіздерін аямады.

Бұдан біраз жыл бұрын Қайрат Түнтеков жол апатына себепкер болып, зардап шеккен тарапқа 25 мың доллар қарызын өтемей қашып жүр деген ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда әншінің менеджері бұл айыптаулардың барлығы жалған екенін, ешкімнен қашып жүрмегенін мәлімдеді. Есесіне, ол мойнындағы қарызын өтеу үшін белсенді түрде жұмыс жасап жатқанын айтқан.

Бүгінде әнші ән жазып, оны өз тыңдармандарына ұсыну бойынша қызу жұмыс жасап жатыр. Ал Қайратты сағынған халық оның желідегі парақшасына хат жазып, әншінің сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жарыса айтуда.

Қарызға батып, сахнаға шықпай қалған қазақ әншісіне тыңдарманы жүрекжарды лебізін жолдады (фото)

Скриншот желідегі парақшадан алынды

Ал мына бір тыңдарманның хаты оның фанаттарын сүйсіндірді. Қайрат Түнтеков өзіне жылы летіздерін білдірген оқырманынан рахмет айтып, алғысын білдірді.

"Құдай берген, Ақ Қайратым, түріңнен айналайын. Жарығым, сахнаңа шықсаңшы. Халқың сағынды сені. Қазағыңның тұла бойы тұңғыш "Супер стары". Сенің қадірің бөлек болуы керек еді. Сен де Димаш секілді шетелдерге шығып едің. Соныңды көре алмағандар көп болған екен. Құлпыртып, әнді талай елдің тілімен сайрататын едің. "Әттең, тонның келтесі-ай болып жүр-ау. Балам, енді сақ болып жүрші", - деп жазды тыңдарман.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдіктерге Астана сауда орталықтарында селфи жасауға тыйым салынды

Жігітті мойнына отырғызып алып билеген бойжеткенді жұрт Гераклға теңеді (видео)

Шешенстанда көз жұмған қазақстандықтың өлімін жақындары жаңалықтардан бір-ақ білген

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 136

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .