Сіз білмейтін қызықтар
1453983 Әншінің менеджері оқиғаның PR емес екенін растады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Әнші Сиви Ренат Баситовтың көлігін неліктен талқандап тастады? (видео)

Желіде танымал продюсер әрі әнші Сиви Махмұди мен Ренат Баситовтың арасындағы жанжалды оқиға тарап кетті. Сиви әріптесінің көлігін қиратып, ел алдында айқайға басты. Танымал тұлғалардың бұл әрекетін ел түрліше болжады. Бірі Сиви "Соқыр махаббат" фильмінің көрсетілімі қарсаңында "қара пиар" жасап, елді өзіне қаратпақ болды десе, екіншілері бұл даудың немен аяқталарын күтіп, әліптің артын бағуда.

Болған жайттың мән-жайын білу үшін NUR.KZ Сивидің менеджері Нұржанға хабарласып көрді.

Оның айтуынша, бұл ешқандай да пиар емес.

"Бұл оқиға расымен де болды. Ренат Баситов фильмге интимді кадрлерді қойып жіберген. Жанжал содан туындаған", - деп қысқа қайырды ол.

Оқиғаның ешқандай да пиар емес екенін Ренат Баситовтың өзі де растаған болатын.

Дегенмен, желі қолданушылары болған жайттың шындық екеніне әлі де сенер емес. Олар қос танымал тұлғаның желідегі парақшасына назар аударып, онда олардың үздіксіз фильмді жарнамалап жатқанына таң қалды.

"Енді елдің барлығы бұл фильмді көрі үшін кинотеатрға ағылатын болды, керемет қадам", "Елді мазақ еткілерің келе ме?", "Сіздің пиар-маманыңыз мықты жұмыс жасайды екен", "Ертең көрсетілімде бірге жүрсе, таңғалмаймын", - деді олар.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Сиви Махмұдидің интимді кадрларға түскен тұсы фильмге еніп кеткені туралы видео тараған болатын. Үш баланың анасы Сиви болған жайтқа қатты ашуланып, Ренаттың көлігін талқандап тастаған.

Тағы оқыңыздар:

Қытайлық қыздар Димашқа деген сезімдерін қазақша әнмен жеткізді (видео)

"Зверопой" мультфильміндегі әндерді қазақ әншілері орындаса қалай болады?

ЭКСПО-2017 аумағында жаңадан салынған Конгресс-холлдан өрт шықты (видео)

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 101

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .