Сіз білмейтін қызықтар
1456027 Жанкүйерлер «Димаш оқыған кітапқа» қызығушылық танытуда ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Димаш Құдайбергеннің менеджері менеджері Алпамыс Шаримов «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат беріп, қытайлықтардың "Абай жолы" кітабына қызығушылығы артқанын мәлімдеді.

Димаш Құдайбергеннің қытайлық фанаттары жаппай "Абай жолын" оқуға кірісті

Димаш Құдайберген. Фото әншінің желі парақшасынан алынды

– Димаш қазақша ән орын­даған соң, қытайлық жанкүйерлердің қазақтың ою-өрнегі мен домбырасына деген қызығушылықтары арта түсті дегені қаншалықты шындыққа сая­ды?

– Рас. Жанкүйерлері Димаш сахнаға киіп шыққан киімді кигісі, оның қолындағы заттарды ұстағысы келеді. Димаш «Дайдидауды» айт­қандағы киімі де ерекше танымал болды. Ол өте сәтті об­разға айналды. Киімді Айман Мұсаходжаеваның ықпалымен Қазақ ұлттық өнер академиясы тігіншілері тігіп берген еді.

Жа­қында Қытайда Димаштың бейнесімен компьютерлік ойындар шыға бастайды. Онда да Димаш көрермендерімен «Дайди­дауды» салған бейнесімен жүздеседі. Қазір Қытайда қазақтың домбырасына ғана емес, барлық ұлттық аспаптарына деген айрықша қызығушылық байқалады. Жанкүйерлер оларды зерттеп, қытай тіліне аударып, жариялап жатыр. Еуропадан да журналистер арнайы хабарласып, сұрастырғандар болды.

– Қытай басылымдары Димаш қатысқан жарнамалық шараның көрсетілімі рекорд жасады деп жазыпты. Ол қан­дай шараға қатысқан еді?

– Димаш қазір көптеген брендтермен жұмыс жасауда. Шанхайда Димаш қатысқан Swiss пен Ferrari компаниялары ұйымдастырған шараны тікелей эфирден 54 миллионнан аса адам тамашалапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олардың тарихындағы рекордтық көрсеткіш екен. Осы шара барысында Ди­машқа «Сүйікті кітабың қандай?» деген сұрақ қойылды. Димаш «Абай жолы» туралы айтып берді. Содан кейін «Абай жолының» қытай тіліндегі нұсқасының сатылымы да күрт артты. Жанкүйерлер «Димаш оқыған кітапты біз де оқуымыз керек» деп жазып жатыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Дінтанушы: Қыздың күйеуінің тегіне өтуі исламға қайшы

Рамзан Кадыровтың қызы ресейлік сылқымдарға орамал тақты

Қыз туғаны үшін күйеуі тастап кеткен әйел қазір 14 бала тәрбиелеп отыр

Алмазбек Атамбаев: Путин мен Меркельге дейін менің мұрагерімді сұрайды

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 55

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .