Сіз білмейтін қызықтар
1457443 Думан Рамазан: Гүлнұр келгелі «Таңшолпан» сұлу сылқымдай құлпырып шыға келді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Жазушы: Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның басшысы етіп тағайындау керек

Жазушы Думан Рамазан ұлттық телеарнадағы "Таңшолпан" бағдарламасының директоры болып отырған Гүлнұр Оразымбетованы сол лауазымға лайық деп санайды. Ол телеарнаның жаңа басшысы Ерлан Қариннің өте керемет таңдау жасағанын айтады. Думан Рамазан әншіні тіпті бүтін корпорацияға басшы етіп тағайындаса артық етпейтінін алға тартады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазушы бұл туралы ойын желідегі парақшасына жазды.

Жазушы: Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның басшысы етіп тағайындау керек

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: facebook.com

"Гүлнұр Оразымбетова өз орнында отыр!.. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жаңа басшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин мырза әнші Гүлнұр Оразымбетованы «Таңшолпан» бағдарламасының директоры қылып тағайындапты. Несі бар, өте керемет таңдау. Ерлан мырзаның қандай керемет таңдау жасағанына таң қалып отырмын. Гүлнұр Оразымбетованың «Таңшолпанды» шырқ айналдыратынына сенімім кәміл. Енді көрермендер ылғи жақсы хабарлар көретін болады. Қазірдің өзінде «Таңшолпанда» керемет жаңалықтар, тың өзгерістер болып жатыр. Көрмейтіндер, түйені де көрмейді. Жүз сексен градусқа өзгерді. Іші күйгендер тұз жаласын, бұрын оны ешкім де көрмеуші еді, өйткені өте нашар болатын. Ал Гүлнұр келгелі «Таңшолпан» сұлу сылқымдай құлпырып шыға келді, жалпы халықтық бағдарламаға айналып келе жатыр. Өйткені, Гүлнұр Оразымбетованы өте білімді, өз ісінің білгірі, кәсіби маман деп есептеймін. Оның қолынан бәрі келеді. Қызықсыңдар өздерің!..

Ал қазір талантты әншіні көре алмайтындар, қызғаншақтар, іші тарлар, топшылдар оны бұл қызметке лайық емес деп шуласып жатыр. Айтса, айта берсін! Ел не демейді! Ит үре береді, керуен көше береді!

Еш жасымаңыз, Гүлнұр ханым! Құдай да адамға көтере алатын ғана қиындықты береді, сіз оны жеңіп шығады деген сеніммен! Қиындық түгіл, аш қасқырдай анталаған жауларыңызды да жеңіп шығарыңызға біз имандай сенеміз! Өйткені, сіз шынымен мықтысыз! Ал көпшілікке айтарым, Гүлнұр өте талантты әнші. Ал талантты адам кез келген жерде талантты екенін дәлелдейді. Әлі Гүлнұр барлықтарыңның ауыздарыңды жабады, өз орнында отырғанын дәлелдейді. Сондықтан біз Нұрлан Қоянбаев сияқты Гүлнұр Оразымбетова да өз орнында отыр деп есептейміз. Нағыз өз орнына енді келді. Білмесеңдер, біліп қойыңдар, оның орны – сахна емес, теларна! Бұрынғы бұрынғы ма, талантының нағыз жарқырай көрінетін, қауыздай ашылатын кезі келіп тұр. Сондықтан оттайтындар оттай берсін! Құдай-ау, қазір кім не айтпай жатыр?! Олардың сөзіне құлақ ассаң өмір сүргің келмей кетеді. Қолыңнан келсе қоншыңнан бас. Мұрының барда жақсылап сіңбіріп қал!

«Әркім өз орнында отыру керек!» деген оттағандардың әңгімесі. Немене, етікшілерден, көлік жүргізушілерден, тігіншілерден, аула сыпырушылардан журналист шықпайды деп кім айтты? Шыққанда қандай? Тіс дәрігері жүрекке ота жасай алмайды деп кім айтты? Әй, ол да жоғары оқу орнын бітірген кәсіби маман емес пе? Оның да дәрігер деген аты бар емес пе? Дәрігерден дәрігердің несі кем? Әй, ақымақтар-ай, ауыз өзімдікі екен деп көки бересіңдер ғой! Өйткені, кез-келген адамның бойында талант бұғып жатады. Ал оны біреулер аша алады, екіншілері аша алмай қор болады. Сол үшін ондай жандарға да мүмкіндік беру керек!. Сондықтан Ерлан Қариннің бұл қадамын мен қос қолдап қолдаймын! Бұл тенденцияны ары қарай жалғастыра беру керек! Сонда ғана еліміз дамиды, гүлденеді. Қазақ теледидарының да мәртебесі жоғарылап, керемет, ғажайып шоуларға, ән мен жырға, күлкіге қарық боларымыз анық!

Қайта мен өз тарапымнан мынандай ұсыныс айтамын: енді бір-екі айдан кейін Гүлнұр Оразымбетованы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басшысы етіп тағайындау керек! Ал бұған сіздер қалай қарайсыздар?", - деп жазады ол. 

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады

Қарағандыда төтенше жағдайлар департаментінің шендісі парамен ұсталды

Полицейді өлтірді деп айыпталған қазақстандықтың тағы бір "әкесі" мәлімдеме жасады

Қызылорда әкімінің "Лексусын" айдап әкеткен жігіт полицейге оқ атып, сол аяғын жаралады

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 297

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .