Сіз білмейтін қызықтар
1460085 Әншінің тұрмысқа шығуына балалары түгелдей келісім берген ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Әнші Ақбота Керімбекованың бақыттан басы айналып жүр. Жақында тұрмысқа шыққан әнші сүйіктісін біраз жасырған болатын деп хабарлайды 31 арна.

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Ақбота Керімбекова. Фото: vk.com

Алайда, соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы көпшілікке мәлім болған соң жасырмауды шешіпті. Тіпті, жақында Қытай елінде бал айын өткізіп қайтқан Ақбота жарымен түскен суреттерін ашық көрсетті.

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Ақботаның сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан

Ақботаның жүрегін жаулап, өзіне ғашық еткен жігіттің есімі - Рауан. Жайықтың тумасы. Жасы 32-де. Ол да өнер алаңынан алшақ емес екен. Орал қаласындағы театрлардың бірінде актер. Алғаш рет екеуі осыдан екі жыл бұрын телефон арқылы танысқан көрінеді. Алдымен актер Рауан Ақботаның өнеріне ғашық болса, кейін әншінің өзіне көзі түсіп қалыпты.

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Ақбота мен сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан

"Одан кейін біраз дос болып осы қараша айында ұсыныс тастап, мен "сені бақытты қыламын" деп уәде бергеннен кейін көрейік енді деп, келістім", - дейді Ақбота Керімбекова.

Осылайша, дос болып араласқан Ақбота қалай ғашық болып қалғанын сезбей қалыпты. Ал әншінің тұрмысқа шығуына балалары түсіністікпен қарапты.

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова бал айындағы суретін жариялады (фото)

Ақбота мен сүйіктісі. Скриншот 31 арнадан

"Енді балаларым өсті. Балаларым шетелде оқиды. "Мама өзіңіз жалғызсыз ғой, жаныңызға жақсы адам болса", - біз қарсы емеспіз деді. Балаларым өздері рұқсат берген. Жаныңда жанашыр тірегің болғаны дұрыс қой. Тағдыр әркімдікі әр түрлі. Ешкімді кінәлай алмаймын. Ешкімге ренжімеймін де. Бұл өмір менікі", - дейді әнші.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайберген The singer байқауында шешуші кезеңге жолдама алды (видео)

Данияр Елеусіновтің ізін басқан қазақ боксшысы Таиландта атой салды

Қарақат Әбілдина: Жүрегім тазалықты аңсаған соң, туған күнімді мешітте өткіздім

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 256

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .