Сіз білмейтін қызықтар
1462417 Әншінің болашақ жары жеке өмірлері туралы тіс жарған жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

«Кешьюден» кеткелі Ақботаның жағдайын жұрт Баян Мақсатқызынан емес, Дәуреннен сұрайтын болды. Көрермен көзінен тасада қалған әнші қыздың қазіргі хәлін Айдарқұлов айтпағанда, кім айтады деп хабарлады НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасы.

Үш балалы актерге тұрмысқа шықпақ болған Ақбота құрбыларымен араласпай кеткен

Дәурен мен Ақбота. Фото: Instagram

Жақында ғана жас жұбайлар некелесіп, мына бір суретімен желіні дүр сілкіндірді. Осындай даудан дейін, Дәурен Ақботаның амандығы жайлы әлеуметке азды-кем ақпарат таратпасқа амалы қалмағандай..

"Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар?", - деді Дәурен Айдарқұлов журналистердің сұрағына.

Ал ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақботаның тойы қашан?

"Той деп әлі ешкім айтқан жоқ маған. Бота ондай ақпарат таратқан жоқ. Той болады, осы күні келіңдер деп… Дәуренмен сол бір көрген кезде ғана амандасып қаламын. Ал енді былай ол кісінің номері де жоқ", - дейді "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали.

Ақбота "Кешью" тобындағы бұрынғы әріптестеріне де той туралы тіс жармаған.  Бейресми дерек бойынша,  Ақбота мамырдың мамыражай күндерінде ана атанады екен.

Үш балалы актерге тұрмысқа шықпақ болған Ақбота құрбыларымен араласпай кеткен

Ақбота Сейтмағамбет. Фото әлеуметтік желіден алынды

"Әрине, біз 2 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін жағдай сұрасып тұрамыз. Былай кездесуге уақытым аз. Сондықтан мен оның жағдайын, денсаулығын ватсап арқылы сұрап тұрамын", - дейді Балжан Бидаш.

"Бір жарым айдай сөйлеспей кеттік. Содан телефон номерін ауыстырып, хабарсыз кетті. Сосын мен өзім іздеп тауып алып, нөмерін алып, хал жағдайын сұрап, сол бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Ал Бағым ханым Ақботаны жарты жыл бойы көрмеген. Тіпті, шәкіртінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары жайлы да білгісі келмейді.

"Ақбота «Кешьюден» кетерде менімен қоштасып, сау айтуға да шамасы келмеді. Сондықтан, оның қал-жағдайын білуге құштар емеспін. Мүмкін жастығы болар. Біздің топтағы ән салған қыздар әр түрлі жағдаймен ұжымдағы жұмысын тоқтатып жатады, менің оған етім үйреніп кеткен", - деді музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова.

Ал Дәурен жеке өмірінен гөрі, шығармашылығына қызыққандардың саны артсын деді ме, құпияның ақиқатын ашпады.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Путин туралы мақала жазған журналисті әлем мойындады

Көлігімен артқа жүріп мақтанған атыраулық азамат жазаланды

Танысының гей екенін естіген ШҚО тұрғыны оны пышақтап тастады

Қытайлықтар 7,2 миллион теңге тұратын Димаштың костюміне таласып қалды

 

Источник: http://ntk.kz/

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 105

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .