Сіз білмейтін қызықтар
1463263 Алуа Қонарова Димаштың Қазақстанда дами алмайтынын айтты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Отандық продюсер Алуа Қонарова Димаш Құдайберген бұдан да биік нәтижелерге жетуі үшін Қытайда қалып, шығармашылығын сол жақта шыңдауы қажет деп есептейді. Бұл туралы ол «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Отандық продюсер: Димаш Қытайда қалуы керек

Алуа Қонарова

«Ринго», «Рензо» және  Ayumi секілді топтарды елге танытқан продюсер Алуа Қонарова Димаштың тасы өрге домалауы үшін оның Қазақстанда қалмағаны жөн деп санайды.

Ол Димаштың имиджін, киіну стилін өзгертіп, оған лайықты ән жазып, елді қызықтыра алған қытайлық продюсерлердің шеберлігін сөз етті. Оның айтуынша, Қазақстанда Димашқа лайықты бір де бір авторлық ән жазылмаған.

"Бізде Қазақстанда оның барлық вокалдық қабілетін тиісінше ашып беретін авторлық ән жаза алмады. Оны имидж бен репертуар жөнінен дұрыс бағыттап отыр. Қытайда оған Арай Айдархан есімді қандасымыз көмек беріп жатқанын білемін.

Қазақстанда Димаш ешқандай продюсердің көмегіне жүгінген жоқ. Қателеспесем, жалғыз өзі жұмыс істеді. Шынымды айтсам, бұған дейін онымен көптеген шараларда кездескен болатынбыз. Білуімше, оның өз әні болмады. Себебі, менеджмент болмады. Онымен әкесі айналысты, нақтысын білмеймін", - деді ол.

Отандық продюсер: Димаш Қытайда қалуы керек

Димаш. Фото: Вейбо

"2011 жылы онымен тілдескенімде ол бейнебаян түсіріп, ән жазғысы келмейтінін айтты. Ол үшін бұл қызық емес болды. Басқа әртістер секілді жұмыс істегісі келмеді. Димаш халықаралық байқауларға қатысып, өзгелердің әнін айтып жүргісі келді. Жас болған шығар, мүмкін қазақстандық продюсерлерге деген сенімі аз болған шығар", - деп пікірін айтты продюсер.

Сонымен бірге, Алуа Қонарова біздің әртістердің дамымай жатқанын да тілге тиек етті. Оның ойынша, біздің телеарналар өзге елді көрсетілмейді.

Оған қоса, Алуа Қонарова шоу бизнесті мемлекет қолдап отырған жоқ деген пікір айтты.

"Менің ойымша, Димаш, өзін-өзі дамытуды Қытайда қолға алғаны жөн. Әлбетте, мұнда оның бағасы көтеріледі. Түрлі шараларға шақыратын болады. Бірақ өсу болмайды. Біздің елде ешқандай даму болмайды, тәжірибе де жинақтай алмайды. Бұл - менің пікірім. Ары қарай өзін дамыта түсу үшін, ол туралы бүкіл әлем білуі үшін, бүтін Азияға танылу үшін ол Қытайда қалуы керек", - деді Алуа.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі

Алматыда бес көлік бір уақытта соқтығысып қалды (фото)

Ақтөбедегі аудан әкімі теріс ағымдағылармен күресуден шаршаған

Әйгілі өзбек миллиардері Путиннің қарсыласы шектен шығып кеткенін айтты

Источник: Nur.kz
В статье: Алуа Конарова

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 139

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .