Сіз білмейтін қызықтар
1464315 Әнші: Сын пікірді Ринат Зайытов жазса, келісер едім ➨ Читайте больше на NUR.KZ Интересное

Ренат Баситов елімізге белгілі жазушыны танымай, ұятқа қалды

Жуырда жарық көрген Сиви Махмуди мен Ренат Баситовтың "Соқыр махаббат" фильмі қоғамда түрлі пікірлер туғызып, қызу талқыға түскен еді. Осы тұста, оның бұл фильміне қатысты танымал жазушы Бейбіт Сарыбай да Facebook әлеуметтік желісінде сын айтқан болатын. Дегенмен, айтылған сынды пиар деп қабылдайтын Ренат Баситов оның айтқан пікірі түгілі, өзін де танымайтын болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Ренат Баситов Muzzone арнасына берген сұхбатында айтқан.

Ренат Баситов елімізге белгілі жазушыны танымай, ұятқа қалды

Сиви мен Ренат. Фото желідегі ашық дерекөздерден алынды

Бейбіт Сарыбай Facebook желісіне:

"Сиви деген қыз Ренат деген жігіттің қымбат көлігінің терезесін шаққан видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Бәрі жасанды, бәрі өтірік екені көрініп тұр. Сондағылары даурықпа жұртты даурықтыру арқылы «Соқыр махаббат» деген фильмсымақтарының дақпыртын асыру, сол арқылы көрермен тарту.

"Теңіздің дәмі - тамшыдан" дейді. Осы видео арқылы олардың фильмсымақтарының қай деңгейде екенін жобалауға болатын сияқты. Дарынсыз режиссердің талантсыз актерлермен түсірген, түкке тұрмайтын сюжетке құрылған «боқ».

«Соқыр махаббат». Кино түсіруге, киноға түсуге деген соқыр махаббат… Өздеріне деген соқыр махаббат. Соның нәтижесінде халықты соқыр, надан санау.

Көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың барлығы бұл дүбәраның санасында сәулесі жоқ соқырларға арналған дүние екенін түсінді.

Ақша мен байлық көзіңе шел бітірсе, соқыр болмай қайтесің? Соқыр болсаңыз, мархаббат… Барыңыз, көріңіз. Алмандардың ақсүйектерге арнап шығарған қайран Мерседесін, соның әйнегін аяп кеттім. …ларға қор болған қайран Мерседес", - деп жазды.

Дегенмен, Сиви мен Ренат ондай сыншылардың сөзіне мән бермейтінін айтады.

"Арнайы біреу жаздыртып жатқан сияқты бізге, дұшпан әрбір жерде бірдей жүреді ғой. Көре алмай жазып жатқан сияқты. Біздің жолымызды кесу мақсатында. Қазақ десе өзіңе тиеді ғой. Ондай адамдарсыз да болмайды. Айтса айта берсін, ол да бізге пиар", - деді ол.

Ал Ренат болса сын айтқан жазушыны мүлде танымайтын болып шықты.

"Пікір білдіріп жатқан адам көп қой, бірақ ол адам кім? Мысалы Ринат Зайытов жазса, келісемін. Бірақ ана кісіні танымайды екенмін, Бейбіт кім дедіңіз? Бейбіт Сарыбай деген кісіні танымайды екенмін", - деді ол.

Еске сала кетейік, Бейбіт Сарыбай елімізге белгілі жас жазушылардың бірі. Ол бірнеше кітаптың авторы, сонымен бірге оны Facebook әлеуметтік желісінде өткір ойлары мен өзекті жазбалары арқылы да қарапайым халық жақсы таниды.

Актер, осылайша, еліміздегі кітаптары мен жазбаларын ел іздеп жүріп оқитын Бейбіт Сарыбай деген жазушының бар екенінен хабарсыз болып шықты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда қайтыс болған студенттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Шымкентте депутаттың шофері қожайынының қалай пара алатынын жайып салды (видео)

Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған үйлену тойы қалай өтуде (фото, видео)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 110

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .